22
ноябрь
2018
Ш. Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында" 8-9 сынып оқушылары арасында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы қатарына қабылдау рәсімі өтті
Бүгін 2018 жылдың 21 қарашасында "Ш. Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында" 8-9 сынып оқушылары арасында рухани - адамгершілік және азаматтық - патриоттық контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы адал ұрпақты қалыптастыру мақсатында оқушыларды «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге қалалық әжелер кеңесінің мүшесі Н. Сағатбекова және мектептегі әжелер кеңесінің төрайымы С. Қаспақова қатысып, өз тілектерін білдірді.