«Best шахматшы» » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
Education Department of Tekely district
Reception room :
+7(7282) 22-40-05
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
08
December
2022

«Best шахматшы»

06-07 желтоқсан күндері аралығында, «Ш. Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясы» Education Department of Tekely districtнде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 2-11 сынып оқушылары арасында шахматтан мектепішілік Олимпиаданың «Best шахматшы» атты жарысы өтті!
     Сайыстың мақсаты:
1.Оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылықтарын арттыру;
2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
3.Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан әдістерді жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және алға қойған мақсаттарға жетуге, достыққа, қоршаған ортаға деген сыйласымдылық қасиеттерді игеруге тәрбиелеу.
         Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқалары:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қабаев Біржан Кенжеханұлы.
Дене шынықтыру бірлестігінің жетекшісі  Кенжебаев Асқар Мұхаметжанұлы.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Топаева Гуляра Сабитқызы.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ыбырай Дархан Жанатұлы.
        Шахмат ойынының ережесімен сайысқа қатысушылар таныстырылды.
Шахмат ойынының ережесі:
        Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.
        Шахмат жарысы. Әр оқушылар арнайы дайындалған үстел үстінде шахматшының уақытын есептегіш сағаттарды белгілеп отырып, жарысқа түседі.
Сайысты қорытындылау барысы бойынша: әділқазыларға сөз беріліп, шахмат жарысында жеңген оқушылар марапатталды.
Олар: 
1 орын – Батырхан Ернұр 10 «Б» сынып, 
2 орын – Мухаметжанов Ислам  8 «Ә» сынып,
3 орын – Талғат Байел 5 «Ә» сынып.
Мектепішілік шахмат олимпиадасын өз деңгейінде ұйымдастырып өткізген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Болатұлы Жандосқа алғыс айтылды.