09
февраль
2023
«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбындағы спорттық эстафета
Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары негізінде және оқушылар арасында тәртіпсіздіктің, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 6.02-17.02 ақпан күндері аралығында «Құқық бұзушылықтың алдын алуға» бағытталған онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес 9 ақпан күні ұйымдастырылған «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында 7 сынып оқушылары арасында спорттық эстафета өтті. Іс-шарада директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қабаев «Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние сияқты болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек»-деп алғы сөзбен ойынды ашты, сонымен қатар, шылым шегу, электронды темекі, нашақорлық, зиянды заттардың зардабы жайлы тоқтала кетті. Әрі қарай техника қауіпсіздігімен және ойын ережесімен оқушыларды Н.Арапов таныстырды. Шара соңында жеңімпаз командаларды мақтау қағаздарымен марапаттап, оқушыларға құттықтаулар айтылды.
https://www.facebook.com/SH.Ualihanov10/posts/pfbid02stB5B1xum3DUuuvpkw8pRwh26wYrTUsqfY7Xojb1SJpMyzRJDxj5g23DbqxdoXi6l
https://www.facebook.com/SH.Ualihanov10/posts/pfbid02stB5B1xum3DUuuvpkw8pRwh26wYrTUsqfY7Xojb1SJpMyzRJDxj5g23DbqxdoXi6l