БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
Education Department of Tekely district
Reception room :
+7(7282) 22-40-05
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ
08
September
2023

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ

Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында 2023-2024 оқу жылында « БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ» атты тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Коржумбаева Г.Б семинар өтікізлді.
Семинардың мақсаты: білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша әдістемелік көмек көрсету, кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
1.Білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын түсіндіру.
2.Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың ерекшеліктерін нақтылау
3.Тәрбие құндылықтарын пәндік білім мазмұнына кіріктірудің маңызын түсіндіру.
4.Сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы құндылықтарды дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту
Күтілетін нәтижелер:
1.Мемлекеттік білім беру саясатына сәйкес 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын бағдарлайды.
2.Тәрбие жұмысын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындап, тәрбие жұмысының жылдық жоспарын әзірлейді.
3.Тәрбие құндылықтарын пәндік білім мазмұнына кіріктірудің маңызын бағалайды.
4.Тәрбие құндылықтарына сәйкес әлеуметтік тәжірибелерді таңдайды және оны жүзеге асыруды жоспарлайды.
Сынып жетекшілер өз тараптарынан тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, кері байланыстарын беріп өтті.