Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
Education Department of Tekely district
Reception room :
+7(7282) 22-40-05
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс
03
October
2023

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс

Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында 2023 жылдың 3 қазанында «Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс», «Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету», «Жер сілкінісі және өрттің алдын алу» бойынша іс-шара өткізілді. АҚ құрамындағы звено командирлері жеке құрамдарымен мектеп ғимаратындағы барлық адамдарды қауіпсіз орынға (эвокуациялау) көшіру, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шараға Талдықорған қаласының ТЖБ подполковнигі Манасов Б.К. қатысты және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға мектептің барлық оқушылары, мұғалімдері шаруашылық және асхана қызметкерлері қатыстырылды. Мектеп медбикесі Л.Иманғалева жалпы мектептік сейсмикалық жаттығуда медициналық қамтамасыздандыруды ұйымдастырып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Жалпы мектепшілік сейсмикалық жаттығуды өткізер алдында сынып жетекшілері өз сыныптарымен жер сілкінісі кезінде қандай іс-әрекет жасалуы негізінде сынып сағаттары өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/Cx-Nc5VtJ56/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==​​​