27
November
2023
Power Quality Monitoring
Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп гимназия КММ бракераждық комиссия мүшелері асханадағы азық түліктердің сапасын, ас мәзірінің дұрыс әзірленуі, сақталуы, ас мәзірінің дәмдік сапасын қадағалау мақсатында комиссия мүшелеріне кіретін ата-аналар мен медицина қызметкерінің қатысуымен тексеру жүргізді. Асханадағы дайындалған тағам жарамды, қажетті құжаттардың болуы және тыйым салынған тағамдардың дайындалмауы қадағаланды. Дайындалған ас мәзірі менюге сай әзірленді. Тексеру нәтижесінде комиссия мүшелері асхана жұмысына өздерінің жақсы бағаларын берді.
Ыстық тамақтың сапасының талапқа сай болуы күнделікті тексеріліп, қадағалануда.
Ыстық тамақтың сапасының талапқа сай болуы күнделікті тексеріліп, қадағалануда.