25 мамыр - әр оқу жылының аяқталып, мектеп қоңырауы соңғы рет қағылатын күн. » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 25 мамыр - әр оқу жылының аяқталып, мектеп қоңырауы соңғы рет қағылатын күн.
26
май
2020

25 мамыр - әр оқу жылының аяқталып, мектеп қоңырауы соңғы рет қағылатын күн.

25 мамыр - әр оқу жылының аяқталып, мектеп қоңырауы соңғы рет қағылатын күн. Дәстүрге айналған мереке биыл оқушылар қашықтан оқитындықтан онлайн-сынып сағаттары ретінде өтті.
Салтанатты мерекеге оқушыларын сағынған 1-10 сынып жетекшілері жақсы дайындалған.
Бұл мереке 4-сыныптар үшін ерекше өтті. Олар бастауышпен қоштасып, мұғалімдеріне, мектебіне, ата-аналарына деген Алғыстарын өлең жолдарымен, әндерімен жеткізді.
Сынып сағаттарына қонақ ретінде ата-аналар комитеті мүшелері, Қамқоршылық кеңесі мүшелері және мектеп әкімшілігі қатысып, мерекемен құттықтап, оқушылардың жазғы демалысының жақсы өтуіне тілек білдірді.
Мектепалды даярлық сыныбын аяқтаған бүлдіршіндер де "Соңғы қоңырау" мерекесінен қалыс қалмады.
Барлық сынып жетекшілер шәкірттерін Қауіпсіздік Ережесімен таныстыруды да ұмытқан жоқ.
Қуанышпен көріскен ата-аналар, ұстаздар, оқушылар бір-біріне экран арқылы жақсы тілектер айтып қоштасты.