10
май
2023
SMART әдістемесімен арманды шындыққа айналдырамыз

Қаржылық әл-ауқаттылыққа қол жеткізудегі бірінші қадам – ақшаны сақтай және жинай білу. Осы негізгі дағдыларды игергеннен кейін өзіңіздің қаржылық мақсатыңызды айқындап алуыңыз қажет. Мақсат нақты болуға тиіс, онда сіз алдағы уақытта қалайтын сатып алуларды, қажет етілетін соманы және орындау мерзімін айқындап алуыңыз қажет.
Fingramota.kz-пен бірлесіп, SMART әдістемесімен қаржылық еркінділікке жету жолдарын қарастырайық.
Кез-келген нәтиже дұрыс қойылған мақсатқа байланысты. Біз көз алдымызға не қалайтынымызды нақты елестете отырып, ол үшін қандай дұрыс әрекет жасау керектігін білетін болсақ, қалағанымызға қол жеткізуге болады. Адлайда, табысқа жету үшін мақсатқа ұмтылу ғана емес, оны қалайша жүзеге асыру қажеттілігін нақты түсіну қажет.
SMART— бұл мақсатты сипаттау әдісі, оған: нақтылық, өлшемділік, қол жетімділік, маңыздылық және уақыт бойынша айқындылық кіреді. Оның қалайша жұмыс істейтінін, оның ашып жазылуын нақты мысалдармен талдайық.
«S» ағылшын тіліндегі «Specific» (нақты) сөзінен алынған
Мақсат қандай да бір нақты нәтижеге жету үшін қойылады және ол тым жалпылама түрде болмауға тиіс. Қарапайым сөзбен айтқанда, нәтиже түсінікті және қол жетімді болуға тиіс. Мысалы:
Жалпылама мақсат – дене пішімін жақсарту, ағылшын тілін үйрену, саяхаттау.
SMART қағидаты бойынша мақсат – күн сайын сағат 20.00-де кардио жаттығулар жасау, күн сайын 10 минут ағылшын тілінде курс тыңдау, ** уақытқа шетелге барып келу.
«M» ағылшын тіліндегі Measurable (өлшенетін) сөзінен алынған
Нәтижеге қаншалықты жақындағаныңызды анықтау үшін мақсатты санмен өлшеу керек. Мысалы:
Жалпыланған мақсат - қаржылық жағынан табысты болу, Парижге бару.
SMART қағидаты бойынша мақсат - айына кемінде 1 млн теңге табыс табу, келесі Жаңа жылды Парижде қарсы алу.
«А» ағылшын тіліндегі Achievable (қол жеткізуге болатын) сөзінен алынған
Бұл өлшемшарт қол жетімділікті білдіреді, яғни сіз алға қойған мақсат сіздің қолыңыздан келеді. Оған қол жеткізу үшін сіздің біліміңіз де құзыреттілігіңіз де жеткілікті немесе біраз жұмысты қажет ететін олқылықтар бар. Егер мақсат Сіз үшін қол жетпестей болып көрінсе, қол жетімді мақсатты анықтап алуға кеңес береміз. Мәселен:
Жалпыланған мақсат - кірісті екі есе көбейту, теңізде демалуға бару.
SMART қағидаты бойынша мақсат - жұмыста жоғарылау, демалыста Аквапаркке бару.
«R» ағылшын тіліндегі Realistic (шынайы) сөзінен алынған
Осы өлшемшарт бойынша сіз өзіңізге мына сұраққа жауап беруіңіз керек: «Мен неліктен мұны қалаймын?» және «Бұл маған не үшін қажет?». Сіз салауатты өмір салтын ұстанғыңыз келеді делік. Оны әртүрлі жолдармен жүргізуге болады: жүгіру, дұрыс тамақтану, жүзу, және т.б. Мұнда сіз нені жақсы көретініңізді және сізге қайсысының дұрыс екенін нақты түсінуіңіз керек.
Егер мақсат тым күрделі болса және сіз оған қалай жетуге болатынын білмесеңіз, онда аралық немесе «қол жетімді» мақсатты қолдануға тырысқан дұрыс. Мұны істеу үшін сіз жолдың бір бөлігін өтіп, өзіңіз үшін мыналарды анықтап алуыңыз керек: бұл мақсатқа әрі қарай талпынуға ниет бар ма? Мысалы:
Жалпыланған мақсат – спортпен шұғылдану.
SMART қағидаты бойынша мақсат – аптасына екі рет аэробика/кардио/тенниске бару.
«T» ағылшын тіліндегі Time-bound (уақыты жағынан шектеулі) сөзінен алынған
Әрбір мақсатты іске асырғанда оның мерзімі болуға тиіс. Сол сияқты SMART әдістемесі бойынша мақсаттың аяқталатын күні бар. Мақсатты іске асырғанда уақыты жағынан шексіз болса, оның белгісіз уақытқа созылып кететінін ұмытпаңыз:
Жалпыланған мақсат - маусым айында смартфон сатып алу, Түркияға билеттер сатып алу, туыстарға барып келу.
SMART қағидаты бойынша мақсат - 1 маусымға арналған жоспар: смартфон сатып алу, 15 маусымға арналған жоспар: Түркияға билеттер сатып алу, 1 шілдеге арналған жоспар: туыстарға барып келу.
SMART әдістемесінің артықшылықтары қандай?
Бірінші – нақты бағыт. Бұл қағидатты ұстансаңыз, сіздің өз жоспарларыңызды іске асырудағы бағытыңыз дұрыс болып саналады.
Екінші – дұрыс жоспарлау. Яғни, сіз тек мақсат қойып қана қоймай, сондай-ақ жұмысыңыз бен жеке шаруаларыңызға да міндеттерді жоспарлауды үйренесіз.
Үшінші – жылдам нәтижеге қол жеткізу. Егер мақсатты дұрыс қойсаңыз, онда оны іске асыру да оңай болмақ. Сіз қол жетпейтін міндеттерді орындауда өзіңізді әбігерге салмайсыз.
Төртінші – ынталандыру құралы. Егер сіз өзіңізге нақты мақсат қойсаңыз, онда ол сіздің алға ұмтылуыңызға түрткі болмақ. Мысалы, егер сіз тіл үйренгіңіз келсе, онда алдымен сол тілде қайда жүрсеңіз де, кіммен болса да сөйлеуді бастағаныңыз дұрыс. Бастысы, сөйлеуді тоқтатпау. Мұндай мақсатпен сіз шетелдіктермен сөйлесіп кетесіз, жаңа таныстарыңыз көбейіп, ал бастысы, тілдік дағдыларыңызды дамыта аласыз.
Бұл әдістемені қолданудағы жетістік көп жағдайда сіздің табандылығыңызға әрі оған деген ниетіңізге байланысты болатынын ұмытпаңыз. Ең бастысы, бұл – өзіңізге сену. Кез келген адам белгілі бір жетістікке қол жеткізіп, бастысы, өз күші мен мүмкіндіктеріне күмәнмен қарамауы керек. Адамдар тәжірибесінің аздығынан немесе өзіне деген сенімсіздігінен енжар болады әрі өзгелерге деген сенімі жоғала бастайды, олар SMART әдістемесін тым қиын техника деп ойлап, оны қабылдамай жатады. Бірақ бәрі де керісінше: SMART-ты пайдалануды бастау үшін неге қол жеткізгіңіз келетінін нақты түсіну керек, сол кезде бұл әдіс сізге дұрыс бағыт-бағдар беретін болады.
Айқын мақсаттар қойып, Fingramota.kz-пен бірге өз қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!