24
май
2023
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау – қылмыстық жазаланатын әрекет.
Жетісу облысының полиция департаменті террористік актілер жасау қаупі туралы әдейі жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы азаматтарды ескертеді.
Мұндай әрекеттердің нәтижесінде азаматтарға да, жалпы мемлекетке де елеулі материалдық залал келтіріледі. Бұл жағдайда құқық қорғау органдары өртке қарсы қызмет, жедел медициналық көмектің қызметкерлері жалған шақыру бойынша дереу шығады, ал түрлі мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс кестелері бұзылады. Хабарланған барлық осындай қауіп-қатерлер туралы ақпарат тексеріледі, ресурстар жұмсалады, жарылғыш құрылғыларды іздеу және ықтимал негативті зардаптарға жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қабылданады.
ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ТУРАЛЫ КӨРІНЕУ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАУ – ҚР ҚК-нің 273 бабында көзделген қылмыстық жазаланатын іс-әрекет.
Кінәлі адам бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады.
Жалған қоңырауларға алаңдаған төтенше жағдайлар қызметі, оларды күтіп отырған жерге үлгермей қалуы мүмкін екенін азаматтар есте ұстаған жөн.
Жетісу облысының ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы