26
октябрь
2023
«Бастауыш сынып сабақтарында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар
2023 жылғы 26 қазан айында «Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясының» базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып сабақтарында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Аталған семинарға «Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясы», «С. Макаренко атындағы №6 орта мектеп», «Н. Островский атындағы №8 орта мектеп» және «№16 орта мектеп-гимназия» мұғалімдерінің бірлесіп ұйымдастырылумен өткізілді. Семинардың мақсаты: Бастауыш сынып сабақтарында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі бойынша іс -тәжірибемен бөлісу. Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдерге тренингтер мен сабақтар өткізілді. Олар семинар қатысушыларымен сабақтарда қолданылатын оқытудың түрлі белсенді әдістерін қолданудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, жас педагогтар үшін қызықты тренингтер мен шебер-сыныптар өткізіліп, интерактивті нысандарды пайдалана отырып, семинар жоғары деңгейде өткізілді.
https://www.instagram.com/p/Cy5hQveLJFT/
https://www.instagram.com/p/Cy5hQveLJFT/