«БЖБ,ТЖБ құрастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы вебинар » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «БЖБ,ТЖБ құрастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы вебинар
15
декабрь
2021

«БЖБ,ТЖБ құрастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы вебинар

2021 жылдың желтоқсан айының 7 жұлдызында «Генераторы ведущих школ» жобасы шеңберіндегі Талдықорған қаласының № 10 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының жұмыс жоспары бойынша Ескелді ауданының Қарабұлақ орта мектебі - «Сенім» жетекші мектеп желілік қауымдастығы «БЖБ,ТЖБ құрастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы вебинарын өткізді.
Вебинардың мақсаты - мұғалімдер БЖБ,ТЖБ құрастырудың ерекшеліктерімен таныстыруда іс-тәжірибелерімен бөлісу; өзара желілік қауымдастықта пікір алмасу арқылы тәжірибелерін дамыту.
Вебинарда «Сенім» жетекші мектептің және серіктес мектептердің мұғалімдері өз тәжібилерімен бөлісті. Мичурин атындағы негізгі орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ә.Керейбаева «Бастауыш сыныпта жиынтық бағалауды құрудың ерекшеліктері», Қарабұлақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Т.П.Ким «Методические рекомендации по составлению СОР по русскому языку в 10 классе ЕМН», Балпық би атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Д.Нұрлыбаева «Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінен БЖБ тапсырмаларын құрастырудың ерекшеліктері» тақырыптарында өздерінің құрған жұмыстарын таныстыруда, ерекшеліктеріне назар аудара отырып, ой бөлісті.
Вебинарға қатысушылар өздерінің оң әсерлі кері байланыстарын берді.
Вебинарға жоба шеңберіндегі көшбасшылар, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер, желілік қоғамдастықтың мүшелері қатысты.