Мектеп тарихынан » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
декабрь
2016

Мектеп тарихынан

 


       Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп –гимназиясының тарих беттерінен

                                                                                  


1971 жылы 15 қарашада Талдықорған қаласының 2 – шағын ауданында жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті. Осы жылдар аралығында мектеп әр түрлі атаумен аталып, ір түлі нөмерлермен белгіленді. Ең алдымен №18 орта мектеп, 1976 жылы мектепке қазақтың ұлы ағартушы – ғалымы Шоқан Уәлихановтың аты берілді. 1989 жылдан бері Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп болды, ал 1990 жылы мектепке «орта мектеп – гимназия» деген мәртебе берілді.

Алғашқы педагогикалық ұжым 29 адамнан тұрды. Мектептің басы –алғашқы түлектері - Зубкова Наталья Михайловна физика пәні мұғалімі болып келіп, 30 жылдай қызмет етті; Ілияс Жансүгіров атындағы ЖМУ дене тәрбиесінің аға мұғалімі - Уварова Тамара Николаевна, химия пәнінің мұғалімі- Ингенбаева Айнаш Сералиевна, кейіннен М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп – лицейін басқарды; математика пәнінің мұғалімі - Мухамадиева Айгуль Кабиевна, кейіннен Жетісу мемлекеттік универсиеті колледжін басқарды және тағы да басқа білікті де білімді ұстаздар қызмет етті.

Мектептің құрылуы мен қалыптасуында және кейіннен сол мектепті басқаруда мектеп директорларының рөлі зор болды.


 

 

 

Мектептің алғашқы директоры -Яровой Георгий Алексеевич –Ұлы Отан Соғысына қатысушы. (1971-1973жж.).Мектептің негізін қалау оңай емес. Ол өзінің шығармашылық ойы, толық күш – қуатының арқасында ұйымшыл педагогикалық ұжым қалыптастыра білді.

 


 


 

 

 

Байгутова Дабыр Байгутовна – «Білім беру ісінің үздігі, КСРО» (1973 -1986 жж)– мектеп мұғалімдері мен       оқушылары арасында талассыз беделді болды.ДабырБайгутовнаның басшылығымен жүргізілген іздеу – зерттеу       жұмысының арқасында біздің мектепке Шоқан Уәлиханов аты берілді.

 

 

Зуенко Олег Павлович (1986-1992 жж). Мектепішілік драма театрын басқарды. 


 

Олег Павловичтің басшылығымен мектепте әскери – патриоттық жұмыс жанданды. Осы кезде 1990 жылы мектепке «мектеп- гимназия» мәртебесі берілді.

 

 

 

Гринник Людмила Лаврентьевна (1992-1995 жж)Өзінің жан – жақты тәрбиеге мән беруімен ерекшеленді. Людмила Лаврентьевна басшылық еткен жылдары мектеп әрқашан жаңа оқу жылына дайындық қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленіп жүрді.


 

 

 

  

Волошина Любовь Михайловна (1995-2007 жж).

 

Осы жылдары мектепқаламызда алғашқылардың бірі болыпҚР ынталы білім беретін бастамшылық мектеп Қауымдастығына кірді."Азаматтық білім беру" және "Қолданбалы экономика" курстары енгізілді. Осы жылдары № 10 мектеп-гимназия екі шет тілін оқытуды зерттеу экперементіне қатысушылардың бірі болды.

 


 

 

 

2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепті Джиренбаева Гульнар Нұржанқызы басқарды.Қала мектептері басшыларының алғашқыларының бірі болып ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 9 айлық курсты бітірді.-2013-2014 оқу жылы. Астана қаласы.Мектеп Республикалық ағылшын тілін ерте оқыту экспериментіне қатысып, 2012 жылы ойдағыдай аяқтады. 2015 жылдан бастап екінші Республикалықбастауыш білім беруді ішінара жаңартудың экспериментін басшылыққа алды. Мектеп дарынды балалармен жұмыс жасауды ұйымдастырушылардың үздіктерінің бірі болып табылады.