14
октябрь
2022
Сабыржанқызы Айша Англиядан жүлделі орын иеленіп келді
Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 11 «б» сынып оқушысы Сабыржанқызы Айша Англияда өткен сурет өнер байқауына қатысып, қазақтың зиялы қауымының бейнелерін салған. «Алашорда» деп аталатын туындысын 43 елден келген 58 қазылар алқасы бағалаған. Керемет суреттерге тәнті болған қазылар алқасы Айшаның жұмысын 1 орын деп таныған.