Талдықорған қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы №10 ОМГ-да "Отбасы сағаты" Республикалық акция аясында "Тәрбие тамыры" тақырыбында 8-10 сынып ата-аналары арасында дөңгелек үстел өтті. Ата-аналар өзара ой бөлісіп, отбасындағы қызықты сәттерді ортаға салды. Соңы психологиялық тренингтерге жалғасты.