5-8 және 10 сыныптардың оқу озаттары мақтау қағазымен марапатталды » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-8 және 10 сыныптардың оқу озаттары мақтау қағазымен марапатталды
01
июнь
2026

5-8 және 10 сыныптардың оқу озаттары мақтау қағазымен марапатталды

2025-2026 оқу жылының аяқталуына орай баршаңызды оқу жылының сәтті қорытындылануымен құттықтаймыз!
Педагогикалық кеңестің 2026 жылғы 29 мамырдағы №7 хаттамасы және мектептің №68 бұйрығы негізінде 5-8 және 10-сынып оқушылары келесі сыныпқа көшірілді.
Биылғы оқу жылында 5-8 және 10-сыныптар бойынша барлығы 724 оқушы оқу жылын аяқтап, оның ішінде 115 оқушы үздік оқу жетістіктері үшін мақтау қағазымен марапатталды.
Үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды, олардың ата-аналарын және білім мен тәрбие беруде аянбай еңбек еткен ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыс және алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз.
Жазғы демалыстарыңыз қызықты да мазмұнды өтсін!