11
февраль
2020
Ш.Уәлиханов ат. №10 ОМГ-да А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қалалық ардагерлер кеңесімен бірлескен «Өнерпаз болсаң арқалан» атты өнер сайсы өтті
Талдықорған қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы №10 ОМГ-да Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қалалық ардагерлер кеңесімен бірлескен «Өнерпаз болсаң арқалан» атты өнер сайсы өтті. Жарыс додасына қаланың №27, №16 және №10 ОМГ оқушылары қатысты. Сайыс 2 турдан тұрды. Бірінші турда жоғары сынып оқушылары Абайдың қара сөздеріне қойылым көрсетті. Аталған мектептерден барлығы 25 оқушы қатысты. І орынды мектебіміздің оқушылары иеленді. Қазылар алқасы құрамында ардагер ұстаздар мен өнер қайраткерлері болды.
Келесі тур Абай оқуларына арналды. Мәнерлеп оқу сайысына әр мектептен 5-6 оқушыдан қатысты. Жақсы дайындықпен келген өнерпаздар көрермендерін тәнті етті. Үздік шыққан оқушылар Машрупхан Жарқын (№10 ОМГ), Веснина Ирина (№16 ОМГ), Есенғазы Аяулым (№27 ОМГ) жоғары дәрежелі Дипломмен марапатталды. Барлық қатысушыларға Алғыс хат тапсырылды.