05
май
2023
Мектеп оқушылары облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды
05.05.2023 жылы мектебіміздің ұстаздары - Р.Молдакулова, К.Рахатова, Қ.Нурмуханованың ұйымдастыруымен оқушыларымыз қаламыздағы Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. "Жетісудың табиғаты" экспозициясы өлкенің алуан түрлі өсімдік және жануарлар әлеміне, жерасты қазба байлықтарына, көне және ортағасырлық тарихына шолу жасаған оқушылар таң-тамаша болды.
Аталған іс-шараның мақсаты - жеткіншектерімізді өз жерінің өткен-кеткенінен хабардар етіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Аталған іс-шараның мақсаты - жеткіншектерімізді өз жерінің өткен-кеткенінен хабардар етіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

