Әдеп және тәрбие жөніндегі ментор » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сентябрь
2023

Әдеп және тәрбие жөніндегі ментор

Ш. Уәлиханов атындағы N°10 орта мектеп-гимназиясының базасында ағымдағы оқу жылының 8 қыркүйегінде Қоғамдық даму басқармасының жанынан ашылған “Әдеп және тәрбие жөніндегі ментор” жобасың ұйымдастыруымен Астана қаласынан арнайы шақырылған . Ұлттық волентерлер желісінің ЗТБ атқарушы директоры Миронюк Татьяна Александровна және сарапшы ,волонтерлікті мемлекеттік қолдау көрсету стандартын әзірлеуші Амреева Елена Вадимовна мектеп оқушылары және мұғалімдерімен кездесуі өткізді.
Кездесуге Талдықорған қаласының әр мектептің тәрбие және әдеп менторлары да жұмыла қатысты.
​Кездесудің тақырыбы: Волонтер дегеніміз не? Волонтерліктің түрлері?
Кездесудің негізгі мақсаты: қазіргі білім мекемелеріндегі оқушыларды жақсылыққа, жаңашырлыққа, көмек беруге, мейірімділікке, татулыққа тәрбиеу, жанындағы адамға үлгі болуды көздейді.
Волонтерлік қазір трендте,жас достарымыз бос уақытын пайдалы жұмыстармен қамтыса деген ой айтылды.Волонтер болған адам ешқашан жаман болмайды,керісінше қоғамға елге пайдасын тигізіп,мейірімді ,адамгершілігі мол,көмек қолын әр сәтте соза алатын тұлға болатынын атап өтті.
​Ерекше аталып өтілген мәселе ,қазіргі уақытта волонтерліктің атын жамылып жүрген алаяқтардың көп екендігі аталды.
​Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып,әртүрлі сұрақтар қойып, кері байланыс орнап отырды.Қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар алынды.