01
апрель
2024
1 сыныпқа құжаттарды қабылдау

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған https://e-zhetysu.kz және www.egov.kz арқылы көрсетіледі.
Қандай құжаттар қажет:
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық туралы 052-2/у
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)
Сұрақтар бойынша мектептердің аңықтама телефондары арқылы хабарласуға болады.