Жазғы демалыс кезінде аз қамтылған, көп балалы, жетім және АҚҚ және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан оқушыларды қамту туралы » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жазғы демалыс кезінде аз қамтылған, көп балалы, жетім және АҚҚ және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан оқушыларды қамту туралы
30
август
2024

Жазғы демалыс кезінде аз қамтылған, көп балалы, жетім және АҚҚ және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан оқушыларды қамту туралы

2023-2024 оқу жылында білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру жұмыстары 20-31 мамыр аралығында қабылдау жоспарда тұр. Ш.Уәлиханов атындағы №10 ОМГ балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру жұмысын бастады. Мақсаты балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, жеке бас мүдделерін қанағаттандыру, жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру.
Жаз 2024 бағдарламасында тегін қала сыртындағы лагерьмен әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балалардың демалысын ұйымдастыруға жалпы білім беру қорынан 2.925.000 тг бөлініп 65 оқушы, 575.000 тг 15 оқушы  қамту жоспарланып отыр.  
Тегін қала сыртындағы лагерьмен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысындағы аталған төмендегі категориядағы балалар қамтылады :
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
             3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
 4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
 5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.
Аталған категориямен балалар тізімі толған соң балалар медициналық тексеруден өту қажет. Медициналық тексеру құжаттарына- 071анықтамасы, 063 анықтамасы,эпид окружение анықтамасын 3 маусымға дейін өту қажет. 
Құжаттар бойынша :
Өтініш (мектепте толтырылады)
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі. 
Ата-ананың жеке куәлігінің көшірмесі 
Табыстары туралы анықтама (соңғы жарты жылдағы немесе 3 айдағы жалақысы көрсетілген жұмыстан анықтама жәрдемақы не басқа да кірістер, зейнетақы есептеулері , АӘК алу туралы анықтама)
Әлеуметтік мәртебені растайтын анықтама (көп балалы отбасы, атаулы әлеуметтік көмек алушы. Егер жетім немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болса онда сот қаулысының көшірмесі)
Лагерь тендерін 17.05. күні Каникулы Offline жеткізушілері ұтып алды. Лагерь Текелі қаласында Сатпаева 3 мекен жайында орналасқан. Мектеп директоры Жумадилова Айжан Медетовна ДТІЖО Коржумбаева Галия Бериккалиевнамен бірге барып лагердін жай күйімен танысып келдік.Лагерь барлық Техникалық спефикацияға сәйкес келіп, жеткізушілермен келісімшарт жасалды. Лагерьде  балалар 7 күн демалады. Жазғы лагерьде 4-10 сынып оқушылары қамтылады. Жазғы лагерьде әлеуметтік осал отбасылар санатындағы балалар ғана қамтылады.
03.06-10.06.2024ж күндері аралығында «Каникулы Offline» қала сыртындағы лагерьге демалуға 65 бала жіберілді.
26.06-07.07.2024ж күндері аралығында «Каникулы Offline» қала сыртындағы лагерьге демалуға 15 бала жіберілді.