Қалалық семинар «PIRLS халықаралық зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалаудың тиімді құралы» » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық семинар «PIRLS халықаралық зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалаудың тиімді құралы»
02
апрель
2026

Қалалық семинар «PIRLS халықаралық зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалаудың тиімді құралы»

Ш. Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында «PIRLS халықаралық зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалаудың тиімді құралы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар екі бөлімнен тұрды:
1️⃣ Теориялық бөлімде оқылым сауаттылығын дамыту, мәтінді түсіну және талдау жолдары жан-жақты қарастырылды.
2️⃣ Практикалық бөлімде ашық сабақтар мен мастер-класстар ұйымдастырылып, тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды.
Іс-шара барысында мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи оқыту әдістерін таныстырды. Практикалық тапсырмалар арқылы қатысушылар білімдерін бекітіп, құнды тәжірибе жинақтады.
Аталған семинар педагогтердің кәсіби дамуына оң ықпал етіп, оқыту сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.