1 Қыркүйек – Білім күні » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2024

1 Қыркүйек – Білім күні

«Ш.Уәлиханов атындағы  №10 мектеп-гимназия» КММ 1 Қыркүйек – Білім күні!

         Мектеп жасындағы балалар үшін елеулі де қуанышты күн. Жаңа оқу жылына аяқ басқан оқушылардың құрметіне арналып «Мектебім – мейірім мекені» атты тақырыпта салтанатты жиын болып өтті. Басты мақсат – жас бүлдіршіндерімізге алғашқы қоңырау үнін естіту, оқушыларға мерекені сезіндіру. Аталмыш іс-шара барысында мектеп директоры Жумадилова Айжан Медетовна оқушылар мен  мектеп табалдырығын алғаш аттаған балауса балдырғандарды төл мерекелерімен құттықтады. Салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтары қалалық білім басқармасының тәрбие жөніндегі әдіскері Асель Камбаровна және мектеп менторына сөз кезегі берілді.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау жылдар бойы жалғасын тауып келе жатқан дәстүр. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 – сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылды. Алғашқы қоңырау соғу мәртебесі түлегіміз Құқық және тәртіп фракциясы Шораев Шырын, Несипқали Шыңғыс пен мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған кішкентай бүлдіршіндеріміз Юнашев Әлихан мен Арзенова Қымбатқа берілді.Инстаграм парағында жарияланды.

                                    

    







8