“Ауғанның асуында от кешкендер” атты тарихи іс-шара
2025-2026 оқу жылының 17-ші ақпанында Ауған соғысының ардагері Сарсенбинов Бейбіт Жақыпбекұлы ардагерімізді қонақ ретінде шақырып, Ауған соғысының аяқталуына 37 жыл толуына орай “Ауғанның асуында от кешкендер” атты тарихи іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектеп менторы, ұстаздар, оқушылар қатыстырылды. Мақсаты: оқушыларды ерлікке, ұлжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, оқушылардың отанға деген сүйіспеншілігін ояту болып табылады.