«Шоқан жолы - білім жолы» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Шоқан жолы - білім жолы» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция
12
январь
2026

«Шоқан жолы - білім жолы» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция

12.01.2026 ж. Ұлы ағартушы Шоқан Шынғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Ш. Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Шоқан жолы - білім жолы» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция мектеп директоры Жумадилова Айжан Медетовнаның құттықтау сөзімен ашылды. Қалалық білім бөлімінен Муратбек Жуматаевич келіп, құттықтау сөзін айтты.
Баяндамашылар:
1) Ақылбеков Бағдат Бақтыбайұлы. Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі, Өлкетанушы, Тезек Төре және Шоқантанушы, тарих ғылымдарының магистрі, дүниежүзілік «Шыңғысхан» академиясының академигі, мемлекеттік қызметші
2) Калиева Бекзат Тынысбековна. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының менгерушісі, оқытушы-дәріскері, PhD
3) Ақылбеков Азамат Бақтыбайұлы. Ақын, жазушы, публицист, Шоқантанушы ғалым, Кербұлақ аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясы басшысы
4) Тлеубекова Гүлжан Бөлегенқызы. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты
5) Меңдиярова Айман Ықсанқызы. Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы КММ «Тарих» пәні ұстазы, ардақты, зейнеткер ұстаз. Педагог-шебер
6) №26 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тилепалдиева Ляззат Минуаровна.
7) Оразов Аян Нұрланбекұлы. Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы КММ «Тарих» пәні ұстазы,
Педагог-сарапшы
8) Ильина Светлана. Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы КММ 11 «В» сынып оқушысы
Конференциядан соң Ұлы ағартушы, тарихшы Ш.Ш.Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай "Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы" КММ және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен "Шоқан" олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға қала мектептерінен барлығы 39 оқушы қатысты.