31
January
2023
«Рәміздер – елдігімнің белгісі» апталығы
Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясының тәрбие жоспары негізінде Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау және құрметтеу мақсатында «Рәміздер – елдігімнің белгісі» тақырыбында апталық өткізілді. Іс-шара барысында Мемлекетіміздің Гимні орындалды. Сондай-ақ, 24-25 қаңтар күндері «Мемлекеттік рәміздерді білесіңбе? тақырыбында сауалнама, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Мектебіміздің «Өзін-өзі басқару ұйымының» президенті және «Жас ұлан» ұйымының мүшесі бірлесе сауалнама жүргізіп, 1-10 сынып оқушылары арасында Рәміздерді құрметтеу, қастерлеу және оны қорғау бойынша насихат жұмыстарын дәріптеді.
https://www.facebook.com/SH.Ualihanov10/posts/pfbid02qFVt1gqyu6rSCZraQ3eMhraScGhQ56LJHPzCZXWed6k4FDJccTmAmsjc5sjWGWo4l
https://www.facebook.com/SH.Ualihanov10/posts/pfbid02qFVt1gqyu6rSCZraQ3eMhraScGhQ56LJHPzCZXWed6k4FDJccTmAmsjc5sjWGWo4l