«Сабақты зерттеу барысында сараланған тапсырмаларды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
Education Department of Tekely district
Reception room :
+7(7282) 22-40-05
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Сабақты зерттеу барысында сараланған тапсырмаларды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар
25
April
2023

«Сабақты зерттеу барысында сараланған тапсырмаларды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар

5.04.2023 жылы мектебімізде «Сабақты зерттеу барысында сараланған тапсырмаларды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты - мектепте бастау алып, жүргізіліп жатқан «Сабақты зерттеу» үдерісімен таныстыру, тәжірибе бөлісу. Семинарға «Педагогикалық шеберлік» орталығының менеджері Кенжебаев Айбек Егеубекұлы мен Талдықорған қаласы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Умиртаева Кульжибек Турыспековна, сонымен қатар қала мектептерінің ұстаздары қатысты.
Семинардың өту барысы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімі – теориялық бөлім. Теориялық бөлім кезінде мектеп әкімшілігі тарапынан білім сапасын арттыру барысында атқырылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Мектеп тренері - Шукеева Г.К. келген қонақтармен «Бірлескен жұмыс- нәтижелі жұмыс» атты трениг өткізді.
Мектеп тренерлері Блеутаева Н.Ж. мен Калюжная Т.В. «Іс – әректті зерттеу» мен «Сабақты зерттеу» үдерістеріне сай тәжірибелік жұмыстар жасатып, жағдаяттан шығу жолдарын ұсынды. Ұстаздар қоржынына арнайы материалдар беріліп, тәжірибе алмасу жүргізілді.
«Сабақты зерттеу барысында сараланған тапсырмаларды қолданудың тиімді жолдары» атты қалалық семинар барысының екінші практикалық кезеңінде мектепте құрылған 5 «Фокус топтың» ұстаздары 8 сабақ өкізді. Бірлесе жоспарланған сабақ барысында А, В, С деңгейін бақылау және сабақ мақсатының оқу мақсатына сай болуы, сабақта зерттеу әдісіне тән сараланған тапсырмаларды қолданудың әр түрлі тәсілдері көрсетілді.
Семинар соңында кері байланыс «Quizizz» платформасы және «Сиқырлы алаң» тәсілдері арқылы алынып, ұстаздар өз ойын айтып, ұсыныстарын білдірді.
 ​https://www.instagram.com/reel/CrhuGi2Nvh2/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==​​​