29
May
2023
«Ұлттық мектеп лигасы» жүлдегерлері
«Ұлттық мектеп лигасы» жобасының аясында 2022-23 оқу жылында Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастырумен білім мекемелерінің оқушыларының арасында спорттық, ұлттық ойындардың бірнеше түрін қамтыған жарыстар өз мәресіне жетті. Жылдық қортынды нәтиже бойынша Ш.Уәлиханов атындағы №10 ОМГ оқушыларынан құрылған құрама команда жүлделі IІ орынды жеңіп алды! Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт, білім бөлімінің қолдауымен мектеп оқушылары мадақтамалармен, кубоктармен марапатталды! Кез- келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салтын ұстану.