Жазғы алаң » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
Education Department of Tekely district
Reception room :
+7(7282) 22-40-05
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
30
June
2023

Жазғы алаң

2022-2023 оқу жылында Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп гимназиясында жазғы алаң ұйымдастырылды. Жазғы алаң екі маусымнан тұрды. Бірінші маусым 5.06-16.06  аралығында болды, екінші маусым 19.06-30.06 болды. Екі маусымда барлығы 300 оқушы қамтылды. Жазғы алаңға "Балдәурен" тақырыбы қойылды. Екі маусымға да жоспарлар әртүрлі болып құрылды. Құрылған жоспарға сай әртүрлі қызықты іс- шаралар жүргізілді. Жазғы алаңның мақсаты: оқушыларды бос уақытын мектеп жанында Жазғы алаңда тиімді өткізу. Оларды отансүйгіштікке, қамқорлыққа, белсенділікке және бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу. Жазғы алаңда жоспар бойынша қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасадық. Атамекен кинотеатрына, Жастар саябағына, І. Жансүгіров атындағы мұражайға саяхаттадық. Оқушыларды топ ішінде де түрлі сайыстарға, кештерге қатыстырдық. Атап айтсақ, "Пижама кеші", "Түрлі-түсті кеш", " Шебер қолдар" сайысы, "Нептун күні" сияқты қызықты, тартысты күндерді өткіздік. Яғни, балаларлың әр күні естерінде қалатындай, керемет сәттер көп болды. Алдағы жазғы демалыстарын одан да қызықты өткізеді деген ойдамыз.