... » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2020

...


Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты мақаласында: "Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айырылмайық. Сонда ғана біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды "Мәңгілік ел" болуға лайықты ете аламыз", - деген үндеуі халыққа рухани дем беріп, қиындықтан сүрінбей өтуге жол сілтегендей.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы наурыздың 16-ы, сағат 08:00-ден 2020 жылғы 15 сәуір күнгі сағат 07:00-ге дейін төтенше жағдай енгізіп, төтенше жағдай мерзімін қамтамасыз ететін Мемлекеттік комиссия құрды. Президенттің бұл істері халықты сақтандыру мен болашақтың жағдайын ойлауы деп, түсінеміз.
Осы жайдайға байланысты табысынан айырылғандарға жәрдемақы төленуі де әр отбасына үлкен көмегін тигізіп отыр.
Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігі тарапынан демалыс кезінде және карантин уақытында оқушылардың үй жағдайында білім алуы қарастырылып, қажетті ресурстар ұсынылып отыр.
Біздің міндетіміз - сабырлық танытып, тәртіпті қатаң сақтап, оқушыларға жеткілікті білім беру.