Ата-аналарға ескерту » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2024

Ата-аналарға ескерту

Оқу жылы аяқталып, кезекті жазғы демалыс басталды. Осы тұста ата-аналардан балаларыңызды мұқият қадағалап, қай жерде, кіммен жүргенін қарап, сақтық шараларын қатаң ұстануды сұраймыз.

Жаз мезгілінде біздің бүлдіршіндерімізге бірқатар қауіптер бар:

Біріншіден, шомылу, әсіресе, су қоймалары маңында қауіпсіздікке ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз, есік алдындағы және де бау-бақшаларыңыздағы арықтар, себебі, тіпті сырт көзге саяз көрінген судан да қатер төнуі мүмкін.

Екіншіден, жоғары температура, күннің ыстығы тек күйікке емес, сонымен қатар жылу соққысының жоғарылау қаупіне де алып келуі мүмкін, күннен қорғану ережелерін сақтап, балаларға жеткілікті су алып жүруді естен шығармаңыздар.

Үшіншіден ашық терезелер, күннің ыстығынан қорғану үшін үйде терезелерді жиі ашық қалдыруыңыз мүмкін, алайда, бұл кішкентай бүлдіршіндер үшін аса қауіпті болуы мүмкін екенін естен шығармаңыздар.

Бұл, жаз мезгілінде біздің балаларымызға төнуі мүмкін қауіптің бірнеше мысалы ғана, сол себепті, сіздерден балаларыңызға барынша мұқият болып, сақ болуларыңызды сұраймыз.