Бос жұмыс орыны » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
август
2022

Бос жұмыс орыны

Талдықорған қаласындағы «Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2022-2023 оқу жылына төмендегі көрсетілген мамандарды қабылдау конкурсы жүргізілетінін хабарлайды:

1) Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – 3 маман /уақытша/ ,

2) Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі орыс сыныбына – 3 маман 

/ 2 – тұрақты, 1 - уақытша/, 

3) Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі орыс сыныбына - 1 маман /тұрақты/, 

4) Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі қазақ сыныбына - 1 маман /тұрақты/, 

5) Информатика пәнінің мұғалімі орыс сыныбына - 2 маман /тұрақты/, 

6) Информатика пәнінің мұғалімі қазақ сыныбына - 1 маман 

/уақытша/,

7) Математика пәнінің мұғалімі қазақ сыныбына - 2 маман /тұрақты/,

8) Математика пәнінің мұғалімі орыс сыныбына - 1 маман /тұрақты/,

9) Химия пәнінің мұғалімі қазақ сыныбына - 1 маман /тұрақты/,

10) Тарих пәнінің мұғалімі орыс сыныбына - 1 маман /тұрақты/,

11) Мектепалды даярлық тобына тәрбиешісі орыс тобына – 1 маман /тұрақты/,

12) Мектепалды даярлық тобына тәрбиешісі қазақ тобына – 1 маман /тұрақты/,

13) Бастауыш сынып мұғалімі орыс сыныптарына – 2 маман /тұрақты/,

14) Логопед – 1 маман /уақытша/.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымша сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырынған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бектілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бектілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы аңықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама.

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, яғни  11 тамыздан 19 тамыз аралығында жүргізіледі.

Мекен жайы: Жетісу облысы Талдықорған қаласы «Жетісу» ш/а 15 үй.

Байланыс телефоны: 8 (728) 2224005

Эл.почта: shkola10-tald@yandex.ru