"Жасөспірім" атты жедел профилактикалық рейдтік іс-шарасы » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жасөспірім" атты жедел профилактикалық рейдтік іс-шарасы
14
февраль
2023

"Жасөспірім" атты жедел профилактикалық рейдтік іс-шарасы

«Балалар жылы» аясында 2022 жылдың 12-14 желтоқсан күндері аралығында Талдықорған қаласы бойынша "Жасөспірім" атты және балалардың түнде жүрмеуін қадағалау, сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қадағалаусыздық пен панасыз қалуды ескерту, қауіпсіздікті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу, ІІБ есебіндегі жасөспірімдер мен қолайсыз отбасылармен жеке алдын алу жұмыстарын жұргізу мақсатында жедел профилактикалық рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды.
        Іс-шараға қалалық полицияның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Д.Мырзакулов пен қалалық білім бөлімінің маманы У.Джакубаева және директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қабаев қатысты. Құқық бұзушылық, түнгі уақытта көшеде жүру, ойын-сауық кешендерін тексеру барысында мектебіміздің оқушылары анықталмады.