«Құқық бұзушылықтың алдын алуға» бағытталған онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған "Ерлік сабағы" » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқық бұзушылықтың алдын алуға» бағытталған онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған "Ерлік сабағы"
07
февраль
2023

«Құқық бұзушылықтың алдын алуға» бағытталған онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған "Ерлік сабағы"

Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары негізінде және оқушылар арасында тәртіпсіздіктің, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 6.02-17.02 ақпан күндері аралығында «Құқық бұзушылықтың алдын алуға» бағытталған онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес 6 ақпан күні ұйымдастырылған  "Ерлік сабағын" өткізуге және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау қаласындағы кадет корпусына түсуге үгіт насихат жұмыстарын жүргізуге арнайы 21751 ә/б база сержанты, 2 - ші сынып сержанты Калиев Ердос Абсоматович келді.
Іс-шараға 10- сыныптың ұл балалары жұмылдырылып, "Тәртіпке бағынған құл болмайды" деген Бауыржан атамыздың ұранды сөзімен бастап, қазіргі қоғамдағы орын алып жатқан жағдайларды айта кетті. Сонымен қатар, әскери өмір, әскери лауазым, әскери шендер, оқуға түсу жолдары мемлекеттен берілетін көмек жәрдемақы және қысқы, жазғы демалыстары сөз болды, оқу барысында жасалатын жеңілдіктер, шет мемлекетте білімін дамыту өз жұмысының тиянақты маманы болу жайылы түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Іс-шараға АӘжТД пәні мұғалімі, мектептің педагог организаторы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты.