Қалалық сейсмикалық жаттығулар » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
февраль
2024

Қалалық сейсмикалық жаттығулар

Талдықорған қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы кеңейтілген кеңесте Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру мақсатында:*
➡️ *Ағымдағы жылдың 23 ақпанында жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуларды (жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар, эвакуациялауды ұйымдастыру, дабыл чемоданын жинақтау және т.б.)_, барлық деңгейдегі білім беру объектілерінде көрсетілімдерді өткізу ұйымдастырылды.
АҚ құрамындағы звено командирлері жеке құрамдарымен мектеп ғимаратындағы барлық адамдарды қауіпсіз орынға (эвокуациялау) көшіру, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға мектептің барлық оқушылары, мұғалімдері шаруашылық және асхана қызметкерлері қатыстырылды. Мектеп медбикесі Л.Иманғалева жалпы мектептік сейсмикалық жаттығуда медициналық қамтамасыздандыруды ұйымдастырып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Жалпы мектепшілік сейсмикалық жаттығуды өткізер алдында сынып жетекшілері өз сыныптарымен жер сілкінісі кезінде қандай іс-әрекет жасалуы негізінде сынып сағаттары өткізілді.
Қалалық сейсмикалық жаттығулар​​​