08
сентябрь
2025
Есірткінің зияны
2025 жылдың 08 қыркүйек күні Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында 9–10 сынып оқушыларына арналған есірткінің зияны туралы түсіндірме кездесу өтті. Іс-шараға барлығы 180 оқушы қатысты.
Кездесуге Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция майоры Мырзакулов Дастан Маликжанович, Жетісу облыстық оңалту және психологиялық зерттеу орталығының психологы Турдашова Меруерт Маратовна, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Коржумбаева Галия Бериккалиевна және мектептің әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторы Сарсебаев Мухит Еркінұлы қатысты.
Іс-шара барысында оқушыларға есірткі құралдарының ағзаға тигізетін зияны, психикалық және әлеуметтік салдары, құқықтық жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берілді. Полиция майоры заң бұзушылықтың салдарына тоқталып, оқушыларға нақты мысалдар арқылы есірткіден аулақ болудың маңызын түсіндірді. Психолог тарапынан есірткіге итермелейтін психологиялық факторлар мен олардың алдын алу жолдары талқыланды.
Мектеп менторы мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасар да жасөспірімдердің бойында салауатты өмір салтын, жауапкершілік пен құқықтық сауаттылықты қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың теріс әрекеттерден аулақ болып, адал азамат, саналы тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.