29
август
2025
Адал азамат
2025 жылдың 29 тамыз күні Шоқан Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Коржумбаева Галия Берікқалиқызы мектеп ұжымымен кездесу өткізіп, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы бойынша кең көлемде түсіндірме жұмысын жүргізді.
Жиын барысында тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, құндылықтық бағдар мен ұлттық тәрбиені нығайту, жас ұрпақты еңбекқор, әділ, жауапты және адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген адал азамат ретінде қалыптастыру жолдары талқыланды.
Бағдарламада көрсетілген әрбір бағыт бойынша нақты мысалдар келтіріліп, тәрбие беру барысында мұғалімдердің, ата-аналардың және қоғамның рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында ұжым мүшелері өз ойларымен бөлісіп, жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмыстарын үйлесімді, жүйелі жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.