Мектебім - мейірім мекені! » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2025

Мектебім - мейірім мекені!

02.09.2025 жылы* Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында «Мектебім – мейірім мекені» атты *Алғашқы қоңырау* салтанатты жиыны жоғары деңгейде өтті. 🎉📚

Биылғы Білім күні *«Адал азамат – кәсіби маман»* тұжырымдамасы аясында өткізіліп, жас ұрпаққа елжандылық пен адалдық, кәсіби бағыттағы мақсаттарға жету жолында тәрбие беру көзделді.

Салтанатты жиынға арнайы қонақ ретінде *Жетісу облыстық Полиция департаменті* жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы *Мұхметов Қайсар Жақсыгельдинұлы* келіп, жүрекжарды құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, оқушылардың *қауіпсіздігі*, *тәртіп*, *жол ережелері* және қоғамдағы жауапкершілік туралы маңызды мәліметтермен бөлісті. 👮‍♂️

Мерекелік іс-шара барысында 1-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, алғашқы қадамдарын үлкен сеніммен бастады. Бұл – болашақ *адал азаматтар мен кәсіби мамандардың* білімге бет бұрған алғашқы сәті.

Жаңа оқу жылы табысты болсын!
Барша ұстаздар мен оқушыларға сәттілік пен шабыт тілейміз!