Басылымдар тізімінің сілтемесін назарларыңызға ұсынамыз. » Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-40-05
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Басылымдар тізімінің сілтемесін назарларыңызға ұсынамыз.
30
январь
2026

Басылымдар тізімінің сілтемесін назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының Орта білім беру комитеті ағымдағы жылы (2026 жылы) аттестатталушылардың зерттеу қызметі (тәжірибені зерттеу) негізінде баспасөздегі мақаласын жариялайтын басылымдар тізімін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайтына орналастырғанын хабарлайды.
Аталған тізімге енгізілген басылымдарда педагогтер күнделікті кәсіби қызметі барысында практикаға бағдарланған, іс жүзінде сыналған өзінің (авторлық) шығармашылық және инновациялық тәжірибелерін (практикаларын) жариялай алады. Бұл басылымдар еліміздің білікті әрі тәжірибелі педагогтері мен әдіскерлерінің озық педагогикалық практикаларын көпшілікке кеңінен таратуға және насихаттауға арналған кәсіби алаң ретінде қарастырылады.
Осыған байланысты аталған басылымдар тізімі туралы ақпаратты және оған сілтемені білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық ұжымына жеткізу ұсынылады.
Басылымдар тізімінің сілтемесі: https://uba.edu.kz/storage/app/media/TIZIM%2021.01.2026%202026%202026.pdf
Жоғарыдағы тізімді жүктеп алу алгоритмі:
 Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ресми сайты;
 Әдістеме;
 Ғылыми конференциялардың жинақтары;
 Зерттеу қызметін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізімі.