14
июль
2025
2024-2025жж. Қала сыртындағы жазғы лагерь
2024-2025 оқу жылы "Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы"КММ 19.06 – 25.06.2025ж. Текелі қаласындағы «Жетісу» жазғы демалыс лагерінің 1-ші кезеңіне 14 оқушы, 07.07-12.07.2025ж күндері аралығында 2-ші кезеңіне 67 бала жіберілді. Жалпы 81 оқушы қамтылды.
Оқушылар толық медициналық тексеруден өтті және қажетті құжаттар тапсырылды. Лагерьге бару барысында оқушыларға әлеуметтік педагог М.С. Әбілмажін және ата-ана М.Е.Хусаинова жетекшілік етті. Балалардың қауіпсіздігі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалды.
Балалар әртүрлі спорттық жарыстарға, шығармашылық үйірмелерге, мәдени-көпшілік іс-шараларға белсене қатысты. Сондай-ақ, серуендер, бассейнде шомылу, табиғат аясындағы танымдық ойындар мен тәрбие сағаттары өткізілді.
Барлық шаралар балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі талаптарына сай жүргізілді. Оқушылар лагерьде жақсы көңіл-күймен, қызықты әрі пайдалы уақыт өткізді.Тамақтану, күн тәртібі және санитарлық талаптар сақталды. Оқушыларға қызметкерлер тарапынан үнемі бақылау жүргізілді. Балалардың денсаулықтарына қатысты шағымдар тіркелмеді.Күнделікті жүргізілген іс-шаралар әлеуметтік желіге жарияланды. Мектептің әлеуметтік желісі: https://www.instagram.com/reel/DLMpHlsijJ9/?igsh=NWw5d3JtZWwweXB6
«Жетісу» лагерінің әлеуметтік желісі: https://www.instagram.com/p/DLSagdCNr2a/?igsh=MXI3cGp6dnM4eGFpcA==
Көптеген ата-аналар балалардың лагерьден шаттанып, жаңа достар тауып, әсерлі демалып келгендерін айтты. Спорттық жарыстар, шығармашылық үйірмелер мен түрлі шаралар арқылы балалардың қызығушылығы артты, демалыстары мазмұнды өтті деген пікірлер жиі кездесті, сонымен қатар балалардың дұрыс тамақтанғанын, ұйқы мен күн тәртібінің сақталғанын айтып, алғыстарын білдірді.
Жалпы алғанда, ата-аналар балалардың қала сыртындағы жазғы лагерьде демалғанына ризашылықтарын білдіріп, кері байланыс берді.