ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес бір реттік қаржылай көмек туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті ата-аналар!
2025 жылдың 16 маусымынан 27 маусымына дейін
БІР РЕТТІК ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕККЕ құжаттар қабылданады.
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес төмендегі санаттарға кіретін оқушыларға көмек беріледі:
Көмек алуға құқылы санаттар:
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары (НОБД дерекқорында тіркелген болуы тиіс).
- АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары (НОБД).
- Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұрып жатқан балалар (НОБД).
- Төтенше жағдай салдарынан көмекке мұқтаж отбасылардың балалары (НОБД). Қаржылай көмек алу үшін жан басына шаққандағы табыс 46 288 теңгеден аспауы тиіс.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
- Өтініш (мектепте жазылады);
- Ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі (2 дана);
- Неке куәлігі (2 дана);
- Оқушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (2 дана); ;
- Өтініш берушінің 20 сандық есепшоты (НАРОДНЫЙ БАНК,ҚАЗПОЧТА 2 дана);
- Әлеуметтік жағдайды растайтын құжаттар:
Табыстары туралы анықтама (соңғы жарты жылдағы немесе 3 айдағы жалақысы көрсетілген жұмыстан анықтама жәрдемақы не басқа да кірістер, зейнетақы есептеулері, АӘК алу туралы анықтама);
Әлеуметтік мәртебені растайтын анықтама (көп балалы отбасы, атаулы әлеуметтік көмек алушы. Егер жетім немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болса онда сот қаулысының көшірмесі), (2 дана);
Маңызды Ескертулер:
- 9-сынып оқушылары көмекке тек мектепте оқуын жалғастырса ғана өтініш бере алады (ата-анасы қолхат жазуы тиіс). Егер басқа оқу орнына түссе, тамыз айында қаржылай көмекті кері қайтарады.
- 1 сыныпқа қабылданған оқушылар қаржылай көмекке қосылмайды.
Мерзімдер:
- Құжат қабылдау: 16.06 – 27.06.2025, сағат 09:00–18:00 аралығында.
- Қамқоршылық кеңес отырысы: 30.06.2025 ж.