Басылымдар тізімінің сілтемесін назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстан Республикасының Орта білім беру комитеті ағымдағы жылы (2026 жылы) аттестатталушылардың зерттеу қызметі (тәжірибені зерттеу) негізінде баспасөздегі мақаласын жариялайтын басылымдар тізімін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайтына орналастырғанын хабарлайды. Аталған тізімге енгізілген басылымдарда педагогтер күнделікті кәсіби қызметі барысында практикаға бағдарланған, іс жүзінде сыналған өзінің (авторлық) шығармашылық және инновациялық тәжірибелерін